Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2022 жылғы 22 cәуірге тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. 3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 11/447 қаулысымен бекітілген
Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|