Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қызмет бабында пайдалану үшін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 19 шілде
№ 621 Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 621 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Сығанақ көшесі, 66.»; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтағы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны үшін көтермелейді;»; мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын: «25-1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің санатына ауыстырылатын жағдайларды және тәртіпті айқындайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|