Осы редакция 2019 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.05.05. № 31/06 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қарағанды облысы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысымен бекітілген
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (2017.04.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (әрі қарай - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметі Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының жергілікті атқару органдарымен (әрі қарай - қызмет көрсетуші) іске асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: қағаз түрінде. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.25.11. № 85/01 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, Қарағанды облысының кенттерінің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынудың формасы: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|