2025 жылға Алматы облысында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысының ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер үшін қызметкерлердің тізімдік санына қарай: 1) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін; 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасыосы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін; 3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын және өзгеде шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|