Сайрам аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-74/VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Сайрам аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-74/VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26359 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Сайрам ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 32 183 508 мың теңге: салықтық түсiмдер – 3 746 049 мың теңге; салықтық емес түсiмдер – 7 376 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 119 452 мың теңге; трансферттер түсiмi – 28 310 631 мың теңге; 2) шығындар – 32 623 249 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – -69 284 мың теңге: бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 69 284 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 509 025 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 509 025 мың теңге: қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 69 284 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 439 741 мың теңге.». 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. 2022 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтары және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: аудандық бюджетке ірі кәсіпкерлік субьектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан 50 пайыз; аудандық бюджетке төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан 28,1 пайыз; аудандық бюджетке төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығынан 45,1 пайыз; аудандық бюджетке әлеуметтік салықтан 31,8 пайыз болып белгіленсін.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|