ҚР СТ 3675-2020
Мазмұны
4. Ұсақ бөлшек сауда желілері объектілерінің жіктелуі 6. Ұсақ бөлшек сауда желісі объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар 7. Ұсақ бөлшек сауда желілері объектілерінің жабдықтарына және мүкәммалына қойылатын талаптар 8. Ұсақ бөлшек сауда желісі объектілерінде тауарларды сату ережесі 10. Ұсақ бөлшек сауда желісі объектілерінің персоналына қойылатын талаптар
Осы стандарт ұсақ бөлшек сауда желісі объектілеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандартты қолдану үшін стандарттау бойынша мынадай сілтемелік құжаттар қажет: ҚР СТ 1753-2008 Сауда. Терминдер мен анықтамалар. ҚР СТ 1755-2020 Сауда қызметтері. Персоналға қойылатын талаптар.
Ескертпе - Осы стандартты қолданған кезде ағымдағы жылғы жағдай бойынша мерзімді басып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі құжаттар» ақпараттық сілтеуіші және ағымдағы жылы жарияланған мерзімді басып шығарылатын тиісті ақпараттық каталог бойынша сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданылуын тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.
Осы стандартта [1], ҚР СТ 1753 және ҚР СТ 1755 бойынша терминдер қолданылады (пайдаланылады).
4. Ұсақ бөлшек сауда желілері объектілерінің жіктелуі
4.1 Ұсақ бөлшек сауда желісі объектілеріне тауарларды орналастыруға (көрсетіліміне), арналған стационарлық емес сауда объектілері, сатып алушыларға қызмет көрсету және тауарларды сату кезінде сатушылармен ақшалай есеп айырысуларды жүргізу жатады. Ұсақ бөлшек сауда желісі объектілерін павильондарға, дүңгіршектерге, сауда автоматтарына және басқа құрылыстарға жіктейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|