Атбасар ауданында коммуналдық қызмет көрсету Ережесін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Атбасар ауданында коммуналдық қызмет көрсету Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 19 қазандағы № а-10/348 қаулысымен бекітілген
Атбасар ауданында коммуналдық қызмет көрсету Ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атбасар ауданында коммуналдық қызметтерді көрсету Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтерді ұсыну және төлеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жылумен жабдықтау-жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; 2) электроснабжение – деятельность по производству, передаче и продаже потребителям электрической энергии; 3) сумен жабдықтау-суды алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйелері арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы; 4) су бұру-сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы; 5) газбен жабдықтау-тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет; 6) қатты тұрмыстық қалдықтар-қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|