2019 жылғы 20 маусым - 5 шілде аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық туралы (2019.05.06. берілген өзгерістермен)
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрықтарына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерінен өтініштер (құжат) қабылдау пункттерінің және ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ҰБТӨП мен базалық жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) және оларға бекітілген орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен, сондай-ақ халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдардан өтініш (құжат) қабылдайтын желілік ЖОО-лардың тізбесі анықталсын. 2. ЖОО-лар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары ҰБТӨП-пен бірлесе отырып: 1) Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсы немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|