|
|
|
11.03.2019 Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі, олардың айналымы және сәйкестігін растауЕуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік аумағында машиналар мен жабдықтардың қауіпсіз айналымы үшін Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 18 қазанындағы № 823 шешімімен Кеден одағының «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенті қабылданды (КО ТР 010/2011). Бұл құжат 2013 жылғы 15 ақпанда күшіне енді.Осы Техникалық регламент адамның өмірін немесе денсаулығын, мүлікті қорғау, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірлеу, дайындау, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату кезінде машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігінің ең аз қажетті талаптарын белгілейді.Осы Техникалық регламент Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын машиналарға және (немесе) жабдыққа қолданылады.Осы Техникалық регламент машиналарға және (немесе) жабдыққа, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын жабдыққа қолданылады.Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын машиналар және (немесе) жабдықтар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауға жатады.Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау сәйкестікті растау нысанында және мемлекеттік бақылау (қадағалау) нысанында жүргізіледі.Пайдалануда болған немесе оларды дайындаушылардың өз мұқтажы үшін дайындалған машиналар және (немесе) жабдықтар, сондай-ақ машиналарды және (немесе) жабдықтарды жөндеу (техникалық қызмет көрсету) үшін пайдаланылатын жинақтаушы бұйымдар мен машиналарға қосалқы бөлшектер осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауға жатпайды.Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын машиналар мен жабдықтар, «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 010/2011) Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растауға жатады.Сәйкестікті растау рәсімінен өткеннен кейін сәйкестік сертификатын немесе декларациясын алу арқылы өнім ЕАС сәйкестік белгісімен таңбалануы мүмкін.Безопасность машин и оборудования, их обращение и подтверждение соответствия
Для безопасного обращения на единой таможенной территории Евразийского экономического союза машин и оборудований Решением Комиссии таможенного союза от 18 октября 2011 года № 823 принят Технический регламент Таможенного союза «О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011). Данный документ вступил в силу 15 февраля 2013 года. Данный технический регламент устанавливает минимально необходимые требования безопасности машин или оборудования при разработке, изготовлении, монтаже, наладке, эксплуатации, хранении, транспортировании, реализации и утилизации в целях защиты жизни или здоровья человека, имущества, охраны окружающей среды, жизни и здоровья животных, предупреждения действий, вводящих в заблуждение потребителей. Настоящий технический регламент распространяется на машины и (или) оборудование, выпускаемое в обращении на единой таможенной территории Таможенного союза. Действие настоящего технического регламента распространяется на машины и (или) оборудование, в том числе применяемые на опасных производственных объектах. Машины и (или) оборудование, выпускаемые в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза, подлежат оценке соответствия требованиям настоящего технического регламента. Оценка соответствия требованиям настоящего технического регламента проводится в форме подтверждения соответствия и в форме государственного контроля (надзора). Машины и (или) оборудование, бывшие в эксплуатации, или изготовленные для собственных нужд их изготовителей, а также комплектующие изделия и запасные части к машинам, используемые для ремонта (технического обслуживания) машин и (или) оборудования, не подлежат подтверждению соответствия требованиям настоящего технического регламента. Выпускаемые в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза машины и оборудования, подлежат оценке подтверждению соответствия требованиям технического регламента «О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011). После прохождения процедуры подтверждения соответствия путём получения сертификата или декларации продукция может быть маркирована знаком соответствия ЕАС.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |