Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында «БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «2. Осы Стандарттың күші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына және Даму Банкіне қолданылмайды.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Бухгалтерлік есеп жүргізу»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер актив ретінде танылады, егер: активке байланысты болашақ экономикалық пайда субъектіге түсуі мүмкін; активтің өзіндік құны сенімді өлшенеді; актив әдеттегі қызмет барысында кейіннен сату үшін сатып алынбайды.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау кезінде табыс есепті күнге операцияның аяқталу сатысын көрсету арқылы танылады. Операцияның аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталады, атап айтқанда: орындалған жұмыс туралы есептер; көрсетілген қызметтер, жұмыстар қызметтердің, жұмыстардың орындалуының жалпы көлемінің пайызы ретінде; келтірілген шығындардың жалпы күтілетін шығындарға пропорционалды қатынасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|