«Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22396 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы инвестициялық салық кредитін үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік кіріс органы өтініш берушіден алынған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.»; көрсетілген Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық салық кредиті туралы үлгілік келісімде: «Нұр-Сұлтан қаласы __________________ (саны, айы, жылы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Астана қаласы ________________ (күні, айы, жылы)»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Келісімге Қазақстан Республикасының Астана қаласында __ _____ __ күні Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.»; Инвестициялық салық кредиті туралы үлгілік келісімге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|