Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында XIX республикалық Абай оқуларын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 646 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының 53-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп 2018 жылғы 22-25 тамыз аралығындағы кезеңде Семей қаласында, «Абай-Шәкәрім» музей кешенінде жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында XIX республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі - XIX Абай оқулары) өткізсін. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес XIX Абай оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес XIX Абай оқуларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (келісім бойынша), республикалық орта білім беру ұйымдары: 1) жүру жолында және XIX Абай оқуларын өткізу уақытында балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты жетекшілер тағайындасын; 2) қатысушылардың Семей қаласына XIX Абай оқуларына уақтылы келуін қамтамасыз етсін (келу күні - 2018 жылғы 22 тамыз, кету күні - 2018 жылғы 25 тамыз); 3) жетекшілер мен қатысушылардың XIX Абай оқулары өткізілетін жерге дейін және кері жолда жүруімен байланысты шығыстары өз қаражаты есебінен төленетінін ескерсін. 4. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (келісім бойынша) XIX Абай оқуларын дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|