Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 қаулысымен бекітілді
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру: 1) «электрондық үкімет»: www.egov.kz, www.elicence.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу, ұзартылған рұқсат беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша (бұдан әрі - шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру) - электрондық немесе қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|