Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы (2015.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қыркүйекке дейін қолданылған редакция
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы: ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығын қараңыз (күшіне енетін мерзімін қара)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-25-қосымшаларына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; 2) осы бұйрықтың 26-58-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; 3) осы бұйрықтың 59-108-қосымшаларына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оку бағдарламалары; 4) осы бұйрықтың 109-113-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.18.06. № 393 бұйрығымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) осы бұйрыққа 114-174-қосымшаларға сәйкес мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары. 2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі - ҰБА) (Ж.О. Жылбаев) осы бұйрықпен бекітілетін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің, таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламаларының Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|