Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда химиопрепараттарға, таргенттік препараттарға және сәулелік терапияға қажеттілікті бағалау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарын қаржыландырудың проблемалық мәселелері туралы 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 162 кеңес хаттамасының 4.1 және 4.2-тармақтарын орындау үшін, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда химиопрепараттарға, таргенттік препараттарға және сәулелік терапияға қажеттілікті бағалау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2021 жылғы 10 наурызға дейін: 1) Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда химиопрепараттарға, таргенттік препараттарға және сәулелік терапияға қажеттілікті бағалауды жүргізсін; 2) химиопрепараттарға, таргенттік препараттарға, сәулелік терапияға қажеттілікті айқындау тетігін, онкологиялық ұйымдардың қызметтеріне шығыстарды өтеу бойынша тәсілдерді әзірлесін; 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарды енгізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|