Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Операциялық жоспар) бекітілсін. 2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: 1) Министрліктің Операциялық жоспары іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалауын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Министрліктің Операциялық жоспарының орындалуы туралы есептік ақпаратты Стратегиялық және цифрландыру департаментіне (бұдан әрі - Департамент) ұсынсын. 3. Департамент: 1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Операциялық жоспардың орындалуы жөніндегі есептік ақпаратты Министрліктің жауапты хатшысына ұсынсын. 2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жауапты хатшысының 2019 жылғы 7 қазандағы № 54 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі операциялық жоспары 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|