Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкiметiнiң 2025 жылғы 16 маусымдағы № 443 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі»; 10-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен бекітілген медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.». 2. «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|