Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 647 қаулысымен бекітілген
Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі - Әдістеме) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі мұнайға, газ конденсатына, оның ішінде Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесін пайдалана отырып, «КҚК-Р» терминалы FOB* шарттарымен, Қара теңіз порттары арқылы FOB шарттарымен (Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесінің терминалынан басқа), Жерорта теңізінің порттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау - Баку/Сангачал - Джейхан порты бағыты бойынша, Каспий теңізінің порттарын пайдалана отырып, Каспий теңізі порттарының FOB шарттарымен, Балтық теңізінің порттарын пайдалана отырып, «Дружба» магистральдық мұнай құбырымен, теміржол көлігімен экспорттау кезіндегі мәміле (өткізу) бағасын белгілеу әдістемесін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|