|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
17.03.2022 Налоговые уведомления в мобильном приложении
С 2022 года органы госдоходов могут направлять уведомления о сумме налогов на имущество и землю, исчисленных налоговыми органами посредством мобильного приложения «E-Salyq Azamat». Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. Использование смартфонов физическими лицами стало неотъемлемой частью повседневной жизни. Различные мобильные приложения стали популярными и все больше граждан экономя время пользуются цифровыми продуктами. Налоговым мобильным приложением «E-Salyq Azamat» уже пользуются более 900 тысяч человек. Количество сервисов и возможностей приложения расширяются и совершенствуются. Теперь с 1 января 2022 года вступили в силу поправки в Налоговый кодекс, согласно которым органы государственных доходов имеют право направлять уведомления посредством мобильного приложения. Физическим лицам будут направляться уведомления о сумме налогов, исчисленных налоговыми органами (по налогу на имущество и землю физических лиц). В свою очередь это позволит налогоплательщикам оперативно реагировать на данные уведомления до начала применения мер принудительного взыскания (формирование налоговых приказов, направление частным судебным исполнителям, уплата санкции ЧСИ). С помощью налогового мобильного приложения физическое лицо своевременно может исполнить свои налоговые обязательства перед бюджетом, при этом нет необходимости заполнять реквизиты для оплаты, данные реквизиты будут проставлены автоматически (код УГД, КБК, КНП, сумма). Это исключается риски указания ошибочных реквизитов. Кроме того, комиссия за перечисление налогов не взимается.
Мобильді қосымшадағы салықтық хабарламалар
2022 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдары «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы салық органдары есептеген мүлік пен жерге салынатын салық сомасы туралы хабарлама жібере алады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Жеке тұлғалардың смартфондарды қолдануы күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Түрлі мобильді қосымшалар танымал болды және көп азаматтар уақытты үнемдей отырып, сандық өнімдерді пайдаланады. Қазіргі уақытта «E-Salyq Azamat» салықтық мобильді қосымшасын 900 мыңнан астам адам пайдаланады. Қызметтер саны мен қосымшалар мүмкіндіктері кеңейтіліп, жетілдірілуде. Енді 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне түзетулер күшіне енді, оған сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мобильді қосымша арқылы хабарлама жіберуге құқылы. Жеке тұлғаларға салық органдары есептеген салықтардың сомасы туралы (жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салық бойынша) хабарламалар жіберілетін болады. Өз кезегінде бұл салық төлеушілерге мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану басталғанға дейін (салық бұйрықтарын қалыптастыру, жеке сот орындаушыларына жіберу, жеке сот орындаушылар санкциясын төлеу) осы хабарламаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Салықтық мобильді қосымшаның көмегімен жеке тұлға бюджет алдындағы өзінің салықтық міндеттемелерін уақытылы орындай алады, бұл ретте, төлем үшін деректемелерді толтырудың қажеті жоқ, бұл деректемелер автоматты түрде қойылады (мемлекеттік кірістер органының коды, бюджеттік сыныптама коды, төлем коды, сомасы). Бұл қате мәліметтерді көрсету қаупін жояды. Сонымен қатар, салықтарды аудару үшін комиссия алынбайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |