Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 26) және 31) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025 жылғы 16 маусымдағы № 6 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|