Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6462 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»; қаулының 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.»; көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
2021 жылғы 30 маусымдағы № 150 қаулысына қосымша
Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы «15» қарашадағы № 196 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|