Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Барышевка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Барышевка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Барышевка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылыққа пайдалану режимі белгіленсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М. Таткеев
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/263 қаулысына 1-қосымша
Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Барышевка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|