|
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 66 «Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер еңгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37-18 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Әкімдіктің осы қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 26 тамыздағы № 162 қаулысына қосымша
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы «31» наурыздағы № 66 қаулысымен бекітілген
Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері: 1) Құрмет грамотасы; 2) Алғыс хат; 3) Ақшалай сыйақы.
Көтермелеудің тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|