|
Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шаралар мен уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар: 1) жеке тұлғалардың негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам өткен банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша сыйақыны есептемейді. Осы тармақшаның талаптары, егер банктік қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толығымен қамтамасыз етілген жағдайда, ондай шартқа қолданылмайды; 2) банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдер мерзімінің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды: жеке тұлғаларға; қаржылық жай-күйі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға есептемейді; 3) төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жай-күйі нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|