2025-2027 жылдарға арналған Қызылжарма ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы (2025.04.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда қалалық мәслихатының 2025.06.03. № 249-35/5 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.06. № 279-39/5 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 193 510,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 39 662,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 0; трансферттердің түсімдері - 153 848,0 мың теңге; 2) шығындар - 224 349,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -30 839,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 30 839,0 мың теңге; қарыздар түсімі - 0; қарыздарды өтеу - 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 30 839,0 мың теңге. 2. Қалалық бюджеттен Қызылжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2025 жылға - 139 837,0 мың теңге, 2026 жылға - 178 563,0 мың теңге, 2027 жылға - 182 757,0 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2025 жылға арналған Қызылжарма ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|