| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Азаматтық хал актілерді тіркеу органдарында неке бұзу
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету Ж. Абуова
Қазақстан Республикасы отбасылық заңнаманың қағидаттарына сәйкес, азаматтар тек некеге тұру ғана құқылы емес сонымен қатар некелік қарым-қатынасты бұзуға еркін құқықтары бар. Неке бұзу - ерлі-зайыптылардың әр-қайсысының өз құқығы. Өйткені неке бұзу процесі өзімен бірге жалпы қызығушылықты алып келеді, отбасы жолы тоқтатылады, мемлекетпен неке бұзудың тәсілдері және тәртібі бекітіледі. ҚР қазіргі таңдағы некелік-отбасылық заңнамасы неке бұзудың екі тәртібін ұсынады: сот арқылы және АХАТ органдары арқылы. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені ерлі-зайыптылықты бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке ерлі-зайыптылық бұзылатын болады. Некені ерлі-зайыптылықты бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі. Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес. Ерлі-зайыптылардың біріккен өтініші негізінде неке бұзуды мемлекеттік тіркеу өкіл арқылы мүмкін емес. Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды. Неке бұзу туралы өтінішке неке қию туралы куәлік қосымшалануы тиіс. Егер ерлі-зайыптыларда ол куәліктің жоқ болған жағдайында және тіркеу органында сақталмаған кезде, неке қию туралы акт жазбасын қалпына келтіру қажет. Некеге отыру (ерлі-зайыптылыққа тұру) кезінде өз тегін басқа текке өзгерткен жұбай, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс. Одан басқа, ақпараттық технологиялар дәуірінде АХАТ қызметі де орнында тұрмайда, қазіргі таңда бірлескен өтініш бойынша неке тұзу өтінішін кәмелетке толмаған балалары жоқ азаматтар интернет арқылы яғни, «Электрондық үкімет» порталы арқылы тапсыра алады. Назарларыңызға аударамыз, берілген қызмет 2008ж. 01 маусымынан мерзімде некеге тұрған жағдайда ғана қолжетімді, өйткені, ақпараттық жүйе берілген мерзімнен бастап некелер бойынша мәліметтерді қамтиды. «Электрондық үкімет» порталына өтініш тапсыру кезінде, ерлі-зайыптылардың ЖСН енгізу және электронды-цифрлық қолтаңба сұранысын растау жеткілікті. Қызмет ұсынудың нәтижесі хабарлама болып келеді, ол өзіне неке бұзу туралы куәлік алу қажеттілігін, АХАТ бөлімінің уақыты және атауы туралы ақпаратты қамтиды. «Электрондық үкімет» порталындағы қызметтер алу артықшылығына уақытты үнемдеу, кезектің жоқ болуы, мемлекеттік деректер базасының сұраныстар есебіне қажетті құжаттар көлемінің қысқаруы жатады және еі бастысы - барлық қызметтер онлайн жүйесінде қолжетімді, азаматтар үшін қолайлы уақытта қолдануға қолайлы. Айта кетерліктей, Солтүстік Қазақстан облысы республика бөлігінде негативті фактор болып неке бұзудың көлемі бойынша басшыланған орындардың бірін тағайындап отыр. Әсіресе, көптеген некелер алғашқы 5 тұрмыстық жылдан кейін бұзылады және неке бұзудың себебі болып ерлі-зайыптылар мінездерінің келіспеушіліктерін көрсетеді. Неке бұзудың негативті салдары болып толық емес отбасыда кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу болып келеді, өйткені статистикалық мәліметтерге жүгіне отырсақ, бұзылған отбасыда бір-екі баладан бар. Солай, Солтүстік Қазақстан облысы азаматтық хал актілерді тіркеу органдарымен ағымдағы жылдың 9 айы үшін, ерлі-зайыптылардың бірлескен шешімдері бойынша 258 неке бұзылды, ол өткен жылдың тақылеттес мерзімімен салыстырғанда 30 неке бұзуға көп.. Неке бұзуға шешім қаққан әр отбасыға, ең алдымен өмірдегі маңызды қадам жасамай тұрып жақсылап ойлануы қажет. Егер әр ерлі-зайыптыға өз отбасын сақтау қадамдарын жасаса, ол жағдайда бұл шешімінен бас тартып отбасы қарым-қатынасын сақтай алар еді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |