Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 80/НҚ бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|