|
Түркістан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/169-VIII шешімімен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын: 1) ауылдық жерге жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрі - қызметкерлер) 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде әлеуметтік қолдау белгіленсін; 2) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін қызметкерлерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі бір жолғы қолдау болып табылады деп белгіленсін; 3) әлеуметтік қолдауды төлеу қалалар мен аудандардың бюджеттеріне бөлінген облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болып айқындалсын. 2. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын. 3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/192-VI «Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4259-нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 18 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|