«Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар: 1)пробация - санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі; 2) пробация қызметі - қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы; 3) сотқа дейінгі баяндама - күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы туралы ақпарат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|