«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде: 61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын әзірлейді және оны жіберу мерзімдерін бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын: «61-1) шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 243-4) тармақшамен толықтырылсын: «243-4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»; 380) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 397-1), 397-2) және 397-3) тармақшалармен толықтырылсын: «397-1) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 397-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|