«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15266 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.»; 5-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|