«2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Шымкент қаласы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 726 152 238 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 363 485 476 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 19 608 332 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 28 687 189 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 314 371 241 мың теңге; 2) шығындар - 743 189 189 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 24 983 704 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 26 080 997 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 097 293 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 4 546 917 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 4 650 292 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 103 375 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 46 567 572 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 46 567 572 мың теңге.»; 2-тармақ алып тасталсын; көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 23/196-VIII шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласының 2024 жылға арналған бюджеті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|