ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен міндетті білім беру стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен күші жойылды
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (2020.21.02. берілген өзгерістермен)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту бағдарламалары (бұдан әрі - ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, білім алушыларды даярлау деңгейіне және білім алу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейді. Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ТжКБ ұйымдары) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады. 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) академиялық кезең - семестр нысанның бірінде өз бетінше белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқыту кезеңі; 2) академиялық сағат - кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты; 3) бағалау критерийлері - құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оқытудың нәтижелерін бағалау жөнінде шешім қабылдауға арналған көрсеткіштер; 4) базалық құзыреттілік - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|