«Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жоқ болған заңды тұлғалар мен жоқ болған борышкерді, сонымен қатар өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот практикасы туралы»; 2) 1-тармақта: «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 39, 53-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын. ««Банкроттық туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 7, 9, 9-1-тарауларында» деген сөздер ««Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 7, 8 және 9-тарауларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 2-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Заңның 1-бабы 15) тармақшасына сәйкес жоқ болған борышкер - тұрақты жұмыс істейтін органның, сондай-ақ борышкер оларсыз өз қызметiн жүзеге асыра алмайтын қатысушылары мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерiн немесе тіркелген жерiн немесе орналасқан жерін алты ай iшiнде анықтау мүмкiн болмаған борышкер.»; үшінші абзацтағы «тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз)» деген сөздер «тиісті лицензиясыз» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 3-тармақтағы бірінші абзацтың бірінші сөйлемі, алтыншы абзац алып тасталсын; 5) 4-тармақта: «16», «94-95» деген цифрлар тиісінше «19», «57, 118» деген цифрлармен ауыстырылсын; «94-бабымен» деген сөздер «44, 47-баптарымен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|