Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 107-1748 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі - мемлекеттік білім беру тапсырысы) 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін. 2. Мыналар: «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) - «360 024 000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау»; «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі - «353 043 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау» және «353 044 000 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» деген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бекітілсін. 3. Басқарма техникалық және кәсіптік білім берудің тиісті оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|