Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы келісім
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 Қаулысымен мақұлданды
Осы жерде және бұдан әрі жеке алғанда «Тарап» немесе бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) төмендегілер туралы келісті:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өзінің Даму орталығы (бұдан әрі - ЭЫДҰ Даму орталығы) арқылы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын І қосымшада көзделген «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасын (бұдан әрі - жоба) жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаға қатысты ЭЫДҰ Даму орталығы орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі. 3. Жобаның ұзақтығы - қол қойылған күнінен бастап 20 ай.
2-бап. Бюджеттік және қаржылық тетіктер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ-ға жобаны іске асыруға байланысты шығыстарды жабуға 90000 (тоқсан мың) евро мөлшерінде осы Келісімге II қосымшаға сәйкес евромен берілетін бюджетке сай жарна ұсынуға міндеттенеді. 1) осы Келісімге қол қойылған күннен бастап және ЭЫДҰ-дан тиісті төлем шоты алынғаннан кейін жарнаның 80 %-ы; 2) жоба соңында ЭЫДҰ-дан тиісті төлем шоты алынғаннан кейін жарнаның 20 %-ы төленетін болады. 3. ЭЫДҰ өзінің қаржылық регламентіне және қазіргі сәтте жалпы салымның 5,3 %-ы мөлшеріндегі әкімшілік шығындардың орнын толтыру төлемақысын көздейтін басқа да қолданылатын қағидаларға, саясат пен рәсімдерге сәйкес жарнаны әкімшілендіреді. Бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ шоттарында көрсетіледі және ол ЭЫДҰ аудитінің стандартты қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
3-бап. Жұмыстар мен есептіліктің сипаты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|