Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 445 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі; достық қарым-қатынасты дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми және басқа да қатынастарды нығайтуға ықпал ету ниетін басшылыққа ала отырып; екі мемлекет азаматтарының сапарлары үшін құқықтық негіз орнату мақсатында; төмендегілер туралы келісті:
1. Қазақстан Республикасының жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелері мен Гренада жарамды дипломатиялық және ресми паспорттарының иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші келген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде 30 (отыз) күнге дейін визасыз келе алады, одан кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады. 2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 (отыз) күннен асатын мерзімге қалуға ниет білдірсе, онда мұндай жағдайда олар екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге дейін тиісті виза алуға міндетті.
Тараптар шетел азаматтарының өз мемлекеттерiнiң аумақтарына келуі, болуы және кетуi тәртібінің өзгеруi туралы дипломатиялық арналар арқылы бiрін-бiрi мүмкiндiгiнше қысқа мерзімде хабардар етедi.
Бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапарда болған жағдайда, сондай-ақ жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар олардың отбасы мүшелері Тараптар мемлекеттерінің аумағына өздері аккредиттелген мерзімге визасыз келе алады, онда бола алады және кете алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|