Қарақия ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қарақия ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары осы шешімнің қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. Шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 4 маусымдағы № 27/230 шешіміне қосымша
Қарақия ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
1. Қарақия ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» № 3-3/332 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 173 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|