Қағида 2025 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 Бұйрығына 1-қосымша
2025 қаржы жылына арналған бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну
1. Осы 2025 қаржы жылына арналған Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 118-бабының 5-тармағына және 168-бабына сәйкес әзірленді, бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді. 2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттен тыс қорлары, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша есептер жасайды. 3. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің, бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігі ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) арқылы ұсынылады. 4. Бюджеттік есептілік жыл сайын есептіліктен кейінгі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік кезеңге, тоқсан сайын есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша, ай сайын есептіден кейінгі айдың 1 жасалады. 5. Есептердің нысандары оларда көзделген көрсеткіштерге нақты сәйкестендіріліп толтырылады. Бекітілген есеп нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді. Ағымдағы есепті кезеңге, сонымен бірге өткен кезеңге жататын (оларды бекіткеннен кейін) есептілік деректерінің өзгеруі деректердің алшақтығы анықталған кезеңде жасалған бюджеттік есептілікте жүргізіледі. 6. Есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс (жұмыс істемейтін) күнімен сәйкес келген жағдайда бюджеттік есептілік одан кейінгі бірінші жұмыс күні ұсынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|