«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білуінің, сондай-ақ пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс беруші өтінімінің нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер сауалнамасының үлгілік нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесі; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесуін бағалау парағының үлгілік нысаны; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес тілдік курстар ұзақтығының кестесі бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|