Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22264 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына кандидаттардың резервтік тізімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Министрдің қызметін қатамасыз ету департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін. 4. «Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 32 бұйрығының күші жойылсын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 56 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|