|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы
1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай толықтыру енгізілсін: 616-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын: «21-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қою берген кезде;». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 29 желтоқсан № 93-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |