Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Рақымбековке жүктелсін. 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 20 желтоқсан № 389 қаулысымен бекітілген
Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Текелі қаласының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
2. Жануарлардың Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|