Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму мнистрінің м. а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) абонентті сәйкестендіру картасы - абонентті сәйкестендіретін және абоненттің ұялы байланыс операторының қызметтеріне (SIM/R-UIM-, USIM-, eSim - карталар және басқалар) қол жеткізуін қамтамасыз ететін, абоненттік құрылғының бір бөлігі болып табылатын жеке қол жеткізудің сәйкестендіру микропроцессорлық модулі (алмалы-салмалы немесе кіріктірілген);»; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) жария шартқа қосылу - қосылатын абонент ұсынылған жария шарттың талаптарын формулярға қол қою жолымен немесе Оператор белгілеген нысанда Автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану арқылы растаудың өзге де тәсілімен қабылдайтын, осы қосылу айтылған нысанда ұялы байланыс операторы мен абонент арасында шарт жасасу тәсілі;»; 15-1) тармақша алып тасталсын; 19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жария шартқа қосылу: 1) формулярға қол қою; 2) автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.»; 22-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын: «33) абонентке ұялы байланыс операторының және абоненттік құрылғының техникалық мүмкіндігіне сүйене отырып, қашықтан ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына QR кодын (eSim) беру, жеткізу немесе жүктеу жолымен абонентті сәйкестендіру картасын алу мүмкіндігін береді.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|