Осы редакция 2017 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 56 бұйрығына 4-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеу түрлерін қолдану қағидасы 1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлеріне көтермелеу түрлерін қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 55-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне көтермелеу түрлерін қолдану тәртібін айқындайды. 2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне, Заңның 55-бабымен көзделген көтермелеуден басқа, көтермелеудің мына түрлері қолданылады: 1) кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын белгілеу; 2) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу. 3. Көтермелеудің түрін айқындау кезінде қызметкердің кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері, оның қызметте тікелей қол жеткізген жоғары нәтижелерінің сипаты мен дәрежесі, оның қызметке қатынасы, алынбаған әкімшілік жазалардың бары немесе жоғы ескеріледі. алынбаған тәртіптік жаза болған кезде; қайта аттестаттау кезінде атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе шешілгенге дейін; оңалту негіздемелер бойынша тергеуге дейінгі тексеру, қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін; ақтап алу үкімі заң күшіне енгізілгенге дейін; қызметтік тергеу аяқталғанға дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|