Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 Қаулысымен күші жойылды
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Белгіленсін: осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары. 2. «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-6/276 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4258 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 12 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін. 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|