Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 141 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымшаға сәйкес берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1435 бұйрығы жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті (Қ.К. Орынханов) осы бүйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 549 бұйрығына 1-қосымша
Салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында макроиндикаторды есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған Даму жоспарында көзделген осы Салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында макроиндикаторды есептеу (қалыптастыру) әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен келісушілік және салыстырмалық мақсатында әзірленген. 2. Осы Әдістемеде «ЖІӨ-де шоғырландырылған бюджеттің салық түсімдерінің үлесі» макроиндикаторы бойынша есептер көрсетілген. 3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) шоғырландырылған бюджетке түсетін салық түсімдері -мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салық түсімдерінің сомасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|