|
|
|
02.04.2021 Дауларды шешудің құқықтық мәдениеті - медиация
- «Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ»-деп ата-бабаларымыз айта кеткендей, сот саласының қазіргі таңдағы жетістіктері аз емес. - «Адамдар өз мәселелерін шешу үшін айлап-жылдап билік дәліздерінде жүруге тиісті емес»-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Заң бұзылған жағдайда адамдар сотқа баруы тиіс және сол жерде өздерінің бостандықтары мен құқықтарының қорғалатына сенімді болуы керек. Мақаланың негізгі мақсаты қазіргі таңдағы сот жүйесіндегі азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру шаралары тараптардың арасындағы сотта істі қарауға әзірлеу кезінде бітімгерлік рәсім шараларын қолдану мүмкіндігін талқылау. 2013 жылы 20 қарашада еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда (Астанада) барлық өңірлердің судья өкілдерінің, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасы Мами Қайраттың қатысуларымен VII съезд өтті. Бұл съезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сот саласындағы стратегиялық даму жоспарын тура әрі нақты айта кетті. Яғни: «Қазақстанның әрбір тұрғының бостандығы мен құқығы үшін Ұлттық Сот жүйесі қоғамдық ортаның тұрақты кепілі, құқықтың теңдігінің маңызы, қоғам мен мемлекеттің ауытқымас қызығушылықтарына қызмет етуге тиісті» - деп Елбасы Форумда мәлімдеген. Бұл Форумда Елбасымыздан Сот жүйесі бойынша 5 бағытта алдағы уақытта дамытсын деп нұсқау берілген. Бірінші бағыт - заң үстемдігін қамтамасыз ету, заңнаманы басқа бағытта (аспектте) қарау, яғни заңнаманы кезекпен жетілдіру, судьялардың қызметтерінің процессуалдық ережелерін жаңарту. Бұл бағыттың көп бөлігі судьяларға арналған. Судьялардың шынайы тәуелсіздік белгісі заңды қатаң сақтау мен өзі қабылдаған шешімнің дұрыстығы мен әділеттілігіне, сенімділігіне негіз болу. Судья жай ғана заңды жүзеге асырушы емес, ол - қоғамдағы даулардың алдын алып, адами қатынастарды үйлестіріп, азаматтардың өмірін болжамды және тұрақты ететін тұлға. Екінші бағыт - сот жүйесінің құрылымы. Сот жүйесінің құрылымын жетілдіру, мамандандырылған әкімшілік сот жүйесін дамыту. Қазақстан Республикасының сот органдары қызметінде демократия үрдісін жоғарылатып, олардың барынша ашықтығын, қабылданған шешімдердің жариялылығын арттырып, сот пен БАҚ-ның арасындағы ақпарат алмасудың шынайы әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз ету. Үшінші бағыт - бітімгерлік келісімдерді арттыру. Медиация - тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу тәсілі. Елбасымыз айтқандай: «Сот тәртібінде қарастырылуға жататын даулар санын азайтып, оларды шешудің баламалы тәсілдерін, соның ішінде бітімгершілік рәсімдер мен медиацияларды енгізу маңызды. Бұл сот төрелігінің қалыпқа келуіне мүмкіншілік туғызады.» Төртінші бағыт - еліміздің әрбір азаматына әділеттілікті қамтамасыз ету, яғни халыққа қолжетімді болатын сот саласындағы жаңа технологиялардың қызметтерін бақылау. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысында бақылауға мүмкіндіктерінің болуы. Бесінші бағыт - Қазақстандағы сот жүйесі бойынша кәсіпқойлықты арттыру. Сот жүйесін дамытудың басты мақсаты- тәуелсіз және сатылмайтын сот билігін қалыптыстыру. Судьялардың адалдығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттілігі мен қолжетілімділігі маңызды. Өз ісіне берілген кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа адал болуға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы «арыз, шағым, талап, сот бұйрығы т.б.» осындай сөздерді естісе, жүректері дүрсілдеп қоя береді. Осы бағыттармен қысқаша шолу жасай келе, сот жүйесіне жұмысқа тұрғалы ел үшін де, заң үшін де бітімгерлік сот отырысының пайдасы аса зор. Медиация мен соттың айырмашылығы - медиацияда сен ұттың, мен ұттым деген ұғым жоқ, керісінше екі тараптың қолайлы мәмілеге келуі болып тұр. Қарым-қатынастың құндылығы даудың санымен емес, бітімнің жылдамдылығымен анықталады. Сотқа жәрдемдесу кезінде де, сондай-ақ медиатордың көмегімен де жүзеге асырылатын сот төрелігін жүргізу саласына бітімгерлік рәсімдерін неғұрлым кеңірек енгізу қажет. Оның негізінде тараптарды, сот актісін шығаруға дейін жеткізбей-ақ бітімге келтіру идеясы жатыр. Медиацияны жүргізудің негізгі қағидалары: еріктілік, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеу, құпиялық. Сонымен қорытындылай келсем, медиация - ол екі тараптың дауларын сотқа жеткізбей қарау, дауды шешудің қанағаттандыратын жолын табу, тараптарға артық шығындар келтірмей тараптардың дауласу деңгейін төмендету. Тараптарды бейбітшілікке әкелетін сот, құдіретті болып есептеледі. Ренжіскенді татуластыру, кетіскенді бітістіру біздің ертеден келе жатқан дәстүріміз бар. Сол ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылығымызды ұмытпайық ағайын!
Бас маман сот отырысының хатшысы Г.О.Бакирова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |