Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 2 тамыздағы № 206 шешіміне 2-қосымша
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 88 шешімімен күші жойылды
Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына (бұдан әрі - Заң), «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді. 2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; 2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы; 3) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|