Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 1029 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісім
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері, бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері басшыларының кеңесін құру туралы 2015 жылғы 16 қазандағы келісімнің ережелерін назарға ала отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін қазіргі әлемнің сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне жауап беретін кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттігін негізге ала отырып, осы салада өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін құруға ұмтылысын білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады: құзыретті органдар - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаларды орындау саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер берілген мемлекеттік билік органдары; жіберуші мемлекет - осы Келісімге қатысушы басқа мемлекеттердің білім беру ұйымдарында даярлау үшін пенитенциарлық қызмет қызметкерлерін жіберетін осы Келісімге қатысушы мемлекет; білім беру ұйымы - жоғары білім беру ұйымы немесе кадрлар даярлау жүзеге асырылатын қосымша кәсіптік білім беру ұйымы; білім алушылар - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын немесе қосымша кәсіптік бағдарламаларды меңгерген курсанттар мен тыңдаушылар; кадрларды даярлау - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтерінің қызметкерлерін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары - бакалавриат бағдарламалары, мамандық бағдарламалары, магистратура бағдарламалары, адъюнктурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламалары немесе қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша оқыту процесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|